АҚШ президенті жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барды. Бұл оның АҚШ президенті ретіндегі Корольдікке барған соңғы сапары болмақ.
Ақ үй басшысы Б.Обама Сауд Арабиясының королі Салманмен кездеседі. Келесі күні америкалық көшбасшы Парсы шығанағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысады. Оған Бахрейн, Кувейт, БАӘ, Катар, Оман көшбасшылары шақыртылды.
Б. Обама мен Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің монархтары Йемен мен Сириядағы дағдарысты талқылайды деп жоспарланған. Сондай-ақ, америкалық өкіл Эр-Риядпен тығыз ынтымақтастық және Ирак пен Сирияның ауқымды бөлігін бақылайтын «Ислам мемлекетімен» күресті әскери қолдауды кеңейту мәселесін сөз етпек.
Сауд Арабиясындағы сапарынан кейін Б.Обама Ұлыбритания мен Германияға барады.