АҚШ президентінен ковид анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Джо Байденнен бейсенбі күні алынған тест қорытындысы оң болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президентінен ковид анықталды

Ақ үй президент аурудың өте жеңіл белгілерін сезінгенін хабарлады.

« Джо Байден қызметтік міндеттерін сынақтар теріс нәтиже бермейінше оқшауланып жалғастырады. Ол ем алуын бастады», - деді оның баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.



Фото: EPA