АҚШ президенттігіне кандидат Бакман КСРО-ның құлағанын ұмытып, оның «нығаюына» алаңдаулы екенін айтты

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Республикалық партия атынан АҚШ президенті тағына үмітті Мишель Бакман КСРО-ның 20 жыл бұрын құлағанын естен шығарып, «америкалықтар Кеңес Одағының нығаюына алаңдаулы» деп жар салды,

АҚШ президенттігіне кандидат Бакман КСРО-ның құлағанын ұмытып, оның «нығаюына» алаңдаулы екенін айтты

деп жазады Newsru.com The USA Today газетіне сілтеме жасап.

«Адамдар Құрама Штаттардың тоқтаусыз құлдырап бара жатқанына алаңдаулы екендерін жасырмайды. Олар Қытайдың, Үндістанның, Кеңес Одағының нығайып бара жатқанын көріп отыр», - деді саясаткер америкалық радио эфирінде сөйлеген сөзінде.

Басылым республикалық партия мүшесінің бұған дейін де тарихи фактілерден қателескенін еске салып өтті. Мәселен, осы аптада ол тағы қателесіп, Элвис Преслидің өлген күні оны туған күнімен құттықтаған, деп жазады InoPressa.