09:02, 18 Қазан 2015 | GMT +5
АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамп Головкинге сәттілік тіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF чемпионы Давид Лемьемен кездесуіне дайындалуда.

Оған сәттілік тілеу үшін АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамп Геннадий Головкинмен кездесіп, оған жеңіс тіледі.
69 жастағы америкалық кәсіпкер, жазушы Дональд Трамп Головкиннің үлкен жанкүйері.
"Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп MSG аренасында жекпе-жектерді тамашалауда. Трамп Головкиннің фанаты және ол бүгін оған сәттілік тіледі", - делінген Головкиннің ВКонтактедегі парақшасында.
Головкин-Лемье жекпе-жегі бірер минуттардан соң басталады деп күтілуде.