АҚШ профессорлары «ерте қартайған» қазақ баласының дертін зерттеуге дайын
Ол бұл туралы бүгін Астанада регенеративті медицина мен адамның өмір сүру уақытын ұзарту тақырыбына арналған халықаралық конференция барысында мәлім етті.
«Көптеген ғылыми жаңалықтар, сәтті зерттеулер белгілі бір сирек кездесетін жағдайлармен байланысты болып келді. Сондай жағдайлардың бірі тез қартайған баланың басынан кешіп отырған ауруы да болуы мүмкін. Әрине, егер сондай мүмкіндігіміз болып жатса, аталған жағдай біздің ғылыми зерттеуіміздің нысаны бола алады», - деді Джефри С. Гинсбург.
Еске сала кетейік, 1991 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр елді мекенінде туған Нұржан Өркешбаевтің бетінде әжім алты жасынан бастап пайда бола бастаған. Денсаулығы күрт нашарлап, жиі ауратын болған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы көптеген жарияланымдардан кейін оған Қазақстанның ғана емес, Ресей мен Германияның дәрігерлері назар аудара бастаған болатын, алайда әзірге оның дертіне шипа табылмады. Медициналық консилиумның шешімі бойынша, оған прогерия, немесе терінің мерзімінен бұрын қартаюы синдромы диагнозы қойылды.