АҚШ прокуратурасы Царнаевты танитын қазақстандық студентті 7 жылға түрмеге қамауды сұрауда

«Қадырбаев марафонда жарылыс жасау туралы Царнаевтың жоспарын білді немесе қандай да бір рөлі болды деген бірде-бір айғақ жоқ», - деді прокуратура өкілдері. Алайда олар жас жігіттің «лаңкестікті тергеуге кедергі келтіруге тырысқанын» атап өтті. Қадырбаев Бостонда террорлық әрекет жасап, осы айда өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевпен таныс. Қазақстандық студент өз айыбын 2014 жылы тамызда мойындады. Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, осылайша ол тергеумен келісімге барған. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылуға болатын, алайда айыптау тарапынан келісімге келу жазаны төмендетуге алып келеді. АҚШ билігінің мәліметтерінше, Қадырбаев пен Царнаевты танитын тағы бір Қазақстан студенті Азамат Тәжаяқов жарылыстан кейін үш күннен кейін оған тиесілі пиротехника, ноутбук салынған рюкзагын жоқ қылған. Бұл тергеуді қиындата түсті. Жастардың мұны жаңалықтардан Царнаев пен оның інісі Тамерланның фотосуреттерін көргеннен кейін жасағаны нақтыланады.
Тәжаяқовтың соты болды. 2014 жылы шілдеде Бостонда сот төрешісі оған қатысты айыптау үкімін шығарды. Студент айыптаудың төрт тармағының екеуі бойынша айыпты деп танылды. Тәжаяқов пен Қадырбаевқа қатысты үкімді жариялау кейінге қалдырылды. 2013 жылы 22 сәуірде Бостонда дәстүрлі марафон өтіп жатқан жерде 12 секунд уақыт аралығымен екі жарылыс орын алды, салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алды. Америкалық билік жарылысты ұйымдастырған ағайынды Царнаевтар екеніне сенімді. Лаңкестіктен кейін бірнеше күннен кейін Тамерлан полициямен атыс барысында қаза тапты. Оқ тиіп жарақаттанған Джохар тұтқынға алынды.