АҚШ Ресейге ет тасымалдауды тоқтатуы мүмкін

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап АҚШ-тан Ресейге сиыр және шошқа етін тасымалдауға тыйым салынуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы Американың ет экспорты федерациясына сілтеме жасап РБК мәлімдеп отыр.

Оған ресми Мәскеудің экспорттық етке қатысты енгізген жаңа талаптар себеп болды. Оған сәйкес, Ресей нарығына түсетін еттің құрамында рактопамин (малдың асыра семіруіне қарсы қоспа) болмауы тиіс. АҚШ тарапы мәлім еткендей, қазіргі кезде Ресейге 20 млн. доллар тұратын 210 ет контейнері жөнелтілді. Американың ет экспорты федерациясының өкілдері Ресейдің бұл бастамасын АҚШ-тың «Магнитский заңына» қарсы шарасы деп бағалап отыр.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ Сенаты «Магнитский заңын» қабылдаған болатын. Ол бойынша заң принциптерін сақтамай, адам құқықтарын бұзған ресейлік шенеуніктерге АҚШ-қа келуге тыйым салынған. РФ Сыртқы істер министрлігі болса, осы іспетті шектеуді американдық шенеуніктер үшін де енгізетіндігін мәлімдеген.    

Соңғы жаңалықтар