09:02, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
АҚШ Ресейге Шығыс Еуропадағы зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды
БРЮССЕЛЬ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бейсенбі күні НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінен кейін, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Альянстың штаб-пәтерінде берген баспасөз мәслихатында Ресейге зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламасы бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Х.Клинтон ханымның айтуынша зымыранға қарсы қорғаныс элементтерінің Шығыс Еуропаға орналастырылуы Ресейге қарсы бағытталмаған. «АҚШ Ресейге Еуропа үшін бірлесіп қорған жасауды ұсынып отыр». АҚШ-тың Еуропаға өзін қорғауға көмектескісі келетінін айтып өткен Мемлекеттік хатшы, «Еуропа өзін ХХІ ғасырдың ығыттарынан қорғауға құқылы» деді.