АҚШ Ресейге ядролық арсеналды қысқартуды ұсынбақ
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Ресейге стратегиялық ядролық қарулануды, сондай-ақ тактикалық арсеналдарды екіжақты қысқартуды ұсынуға ниетті.
Бұл туралы АҚШ Ақ үйінің өкілі хабарлады, деп жазады ВВС.
Германияға ресми сапармен келген Обама Берлиндегі Брандербург қақпасы алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. Германияға сапары алдында АҚШ Президенті Солтүстік Ирландиядағы «Үлкен сегіздік» саммитіне қатысқан болатын.