22:33, 15 Қаңтар 2015 | GMT +5
АҚШ ресми түрде Кубаға қарсы санкциясын жеңілдетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Сауда және қаржы министрлігі бейсенбіде Кубаға қатысты жасалған санкциялық режімді ресми түрде жеңілдеткені жайында хабарлады. 2014 жылдың аяғында бұл шараны қабылдағаны туралы АҚШ Президенті Барак Обама мәлімдеген.
АҚШ қазынашылық органының мәлімдемесіне сәйкес, мұндай қадам Кубаға сапарға шығуға рұқсат беруге, туроператорларға тиісті қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, америкалық қаржы ұйымдары Кубада тілшілер есебін ашуға, сондай-ақ аралдан тыс орналасқан кубалық компаниялармен жұмыс істеуге құқық алды. Сонымен бірге, телекоммуникация және сауда саласындағы өзара әрекетті дамыту мүмкіндіктері кеңейтілді.
Бұдан бұрын Ақ үй Гаванамен дипломатиялық қатынасты реттеуге ниетті екенін хабарлаған. Әрі АҚШ президенті эмбаргоны дербес толықтай алып тастай алмайды, бұл үшін Конгресс кейбір заңдардың күшін жоюы тиіс.