АҚШ саясаткері Кристофер Ландау: Қазақстанда өзімді үйдегідей сезіне бастадым

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстанға келіп, Алматы сапарынан алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

р
Фото: Christopher Landau / Х

«Алматы — Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы астанасы. Қала Зайсан Алатауының баурайында орналасқан. Мұнда әйгілі „Шымбұлақ“ тау-шаңғы курорты бар, қала орталығынан бар болғаны жарты сағаттық жол. Біз жылы да қазақы қонақжайлылықты сезіндік. Өзімді бүркітпен және жаңа қазақ достарыммен бірге үйдегідей сезіне бастадым!» — деп жазды Кристофер Ландау өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшы орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары басталғаны хабарланған болатын.

Делегация Алматыда бірқатар кездесулер өткізеді. Онда қазақстан-америкалық қатынастардың даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады.

Соңғы жаңалықтар