20:32, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
АҚШ саясаты өзгерсе, Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпақ
МӘСКЕУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Вашингтон тарапынан қатер жойылғанда және «жаулық» саясатын өзгерткенде ғана Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.«АҚШ тарапынан ядролық қатер жойылып, Оңтүстік Корея үстіндегі американдық ядролық шатыр алынып тасталғанда, бізге ядролық қарудың қажеті болмай қалады» - делінген КХДР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.