08:34, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ Сенаты Барак Обаманың экономикалық жобасын мақұлдады
ВАШИНГТОН. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Сейсенбі күні АҚШ Сенаты Құрама Штаттар президенті Барак Обама ұсынып отырған экономикалық ынталандырулар жобасын мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дағдарыс кезеңінде елдің экономикалық дамуын ынтыландыруға арналған шығыстың жалпы көлемін сенаторлар 838 миллиард доллар шамасында анықтап отыр. АҚШ-тың Өкілдер палатасы осыдан екі апта бұрын 819 миллиард доллар көлеміндегі пакет үшін дауыс берген болатын. Парламенттің қос палатасының заңнамашылары салықтық қысқартулар мен федералды шығындардың көлемі бойынша екі түрлі есеп жасады. Дегенмен, АҚШ президент конгресшілерді заң жобасының нақты келісілген нұсқасын ағымдағы аптаның соңына дейін қабылдауға шақырып отыр. Б.Обаманың айтуынша, бұл мәселені кешіктіру экономикалық дағдарысты ушықтыра түсуі мүмкін.