АҚШ штаттарының жартысы банкротқа ұшырады - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың бірқатар штаттарында бюджет проблемаларының көлемі артып, қазынаны толтыру қиынға соқты, деп жазады vestifinance.ru.
Соңғы ақпарат бойынша, Луизинадағы бюджет тапшылығы 1 шілдеден басталатын қаржылық жылда 1,6 млрд. долларға дейін жететіні болжанған. Бұл жерде табыс төмендеп, мұнай бағасының күрт құлдырауы мен бюджетті жоспарлауда жасалған қателіктер себеп болуы мүмкін.
Associated Press келтірген мәліметтерге сүйенсек, алдағы қаржылық жылы кем дегенде 22 штатта бюджет тапшылығы болады.
Мәселен, Алабамада қаржы тапшылық көлемі 290 млн долларға бағаланды. Егер еш шара қолданылмаса, аймақта экономикалық апат болады.
Иллинойс штатында заң шығарушылар бюджеттегі 6 млрд. доллардтық «жыртықты» қалай жамауға болатын жол іздеп жатыр.