АҚШ Сирия-Ирак шекарамаңындағы топтарға әуеден соққы берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың әскери-әуе күштері Ирак және Сирия шекарасы ауданында Иранды қолдайтын топтарға әуеден соққы берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Сирия-Ирак шекарамаңындағы топтарға әуеден соққы берді

«Америка әскерилері Сириядағы екі және Ирандағы бірнеше нысанға әуеден соққы берген. «Оперативтік нысандар мен қару-жарақ қоймаларына» әуеден салынған соққы американдық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарға шабылдауға берілген жауап болды», - деп мәлімдеді жексенбі күні Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби.

«Құрама штаттар эскалация қаупін шектеуге бағытталған қажетті, орынды әрі алдын ала ойластырылған әрекеттер қабылдады», - деп қосып өтті Кирби.

Сондай-ақ Пентагон мәлімдемесінде «Президент Джо Байденнің АҚШ қызметкерлерін қорғау үшін әрекет жасайтыны» атап өтіледі.

«Сирияның адам құқықтары жөніндегі обсерваториясы» ұйымының мәліметінше, шабуыл салдарынан бес содыр қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған.