АҚШ Сириядағы 75-тен астам нысанаға соққы берді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ әскерилері Сириядағы 75-тен астам нысанаға, соның ішінде «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) лагерлері мен содырларына бірнеше ондаған әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Azerbaycan 24.

azerbaycan24.com
Фото: azerbaycan24.com

Бұл туралы «Х» әлеуметтік желісінде АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.

«CENTCOM күштері 8 желтоқсанда ДАИШ лагерлері мен содырларын талқандау мақсатымен бірнеше ондаған дәлдігі жоғары әуе шабуылын жасады», - деліінген жарияланымда.

Операция барысында B-52 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары, F-15 жойғыш ұшақтары және А-10 шабуылдау ұшақтары арқылы 75-тен астам нысанаға соққы жасалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль әскері Голан сыртындағы Сирия аумағына кіргенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар