АҚШ Сирияға 3 қырқыркүйекте соққы беруі мүмкін
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ Ұлыбританияның операцияға қатысуға бас тартуына қарамастан, соғыс қимылдарын бастайды. деп хабарлады Труд.ру.
Американдық БАҚ Ұлыбританияның операцияға қатысудан бас тартуына қарамастан, Сирияға соққы берілетін күнді атады.
Соққы шамамен Дамаскіден 31 тамыз күні БҰҰ-ның химиялық қару бойынша инспекторлары кеткеннен кейін, бірақ та Барак Обаманың Швецияға және Санкт-Петербордағы Үлкен жиырмалық саммитіне сапарына дейін 3 қыркүйек күні, сейсенбі күні жасалуы мүмкін.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Сирия аумағындағы 35 нысана авиациядан атқылауға ұшырайды, оның ішінде Башар Асадтың сарайы, арнайы қызметтер орталықтары мен әуежайлар да бар.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон кеше 30 тамызда Сириядағы жағдайды АҚШ Президенті Барак Обамамен талқылайтынын айтты, бірақ та өз елінің әскери интервенцияға қатыспағаны үшін одан кешірім сұрамайды.
Еске сала кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз Сирияға әскери интервенция жасаудан НАТО-ға қатысушы 12 ел бас тартты.