АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкция енгізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ үкіметі тек Солтүстік Кореяға ғана емес, осы елмен кәсіп жүргізетін бүкіл мемлекеттерге қарсы санкциялар енгізуге ниетті. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеген, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкция енгізбек

Бұл ретте санкциялар тәртібін сақтауда үлкен жауапкершілік Қытайға жүктеліп отыр. Пхеньянның сыртқы саудасының 90 пайызы осы елдің үлесінде болып тұр. Сондай-ақ Никки Хейли алдағы бірнеше күнде АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына Солтүстік Корея бойынша жаңа қара ұсынуға дайын екенін жариялады.

Еске сала кетсек, сейсенбіде ресми Пхеньян «Хвасон-14» құрлықаралық баллистикалық зымыранның тұңғыш сынағын сәтті өткізгенін хабарлаған болатын.