АҚШ Солтүстік Кореяны «лаңкестікті қолдаушы ел» деп тануы мүмкін

АСТАНА.  Шілденің  23-і.  ҚазАқпарат  -АҚШ Сенаты  сәрсенбі күні Барак Обаманың әкімшілігіне      Солтүстік Кореяны   лаңкестікті  қолдаушы елдердің тізіміне   қайта енгізуге  негіздің бар-жоқтығы  туралы шешім қабылдауға  болатын       баяндама дайындау  туралы   талаппен   шықты. 

АҚШ  Солтүстік Кореяны  «лаңкестікті  қолдаушы ел»  деп тануы мүмкін

ҚазАқпарат   бұл туралы    «РИА «Новости» сайтына  сілтеме жасап  хабарлайды.

Сенатта   басым дауыспен   қабылданған   қарарда Солтүстік Кореяның   көрші елдерге қауіп  төндіріп  отырғандығы айтылады.  «Солтүстік Корея   Азияның  солтүстік-шығыс  бөлігіне,  сондай-ақ   дүниежүзіндегі  тыныштық  пен  тұрақтылыққа  қауіп төндіріп отыр»,  делінген  сенат қарарында.

Құжатта атап көрсетілгендей,   президенттің баяндамасында    Солтүстік Кореяның     лаңкестік топтар мен лаңкестік әрекеттерді  қолдау фактілері  туралы «барлық  анық  мәліметтер»  болуы  керек,  сондай-ақ   ол  елді «қара тізімге»   қайтарудың  «тиімділік  деңгейіне талдау  жасалуы  қажет».

Солтүстік Корея   лаңкестікті  қолдаушы елдердің  тізімінен 2008 жылдың    маусымында шығарылған болатын.