АҚШ соты Трамптың WSJ-ге қарсы шағымын қабылдамады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ федералдық соты президент Дональд Трамптың Руперт Мердок пен The Wall Street Journal басылымына қарсы жала жабу туралы түзетілген талабын біржола қабылдамады. Бұл талап Эпштейннің хатына қатысты қозғалған еді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап.
Майамидің федералдық судьясы Даррин Гейлс Трамптың газет пен басқа да жауапкерлердің қасақана әрекет еткенін сенімді түрде дәлелдей алмағанын мәлімдеді. Іс 2025 жылғы шілдеде жыныстық қанауға қатысты айыпталған қаржыгер Джеффри Эпштейннің туған күніне орай жазылған хат туралы жарияланған мақалаға байланысты қозғалған.
Судья шағымды қабылдамай, Трамптың Мердок пен газетке қарсы осы айыптар бойынша федералдық сотқа қайта жүгінуіне жол бермеді.
Трамп Мердок пен The Wall Street Journal басылымынан 10 миллиард доллар өтемақы талап еткен.
АҚШ президенті бұл хатты өзі жазғанын жоққа шығарып: — Оны жазған мен емес. Бұл — жалған құжат, — деп мәлімдеді.
Бұған дейін демократтар Конгресс сайлауы қарсаңында Трамп әкімшілігін сотқа бергенін хабарлағанбыз.