АҚШ спортшылары Алматыға келген сәттегі әсерлі видеомен бөлісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жалауы желбіреген Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада ойындарына келген АҚШ құрамасы оңтүстік астанамыз бен Атлетикалық қалашық туралы видео түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фэйсбук әлеуметтік желісіне Алматыдағы АҚШ консулдығының ресми парақшасы жүктеген видеоны 32 мыңнан астам адам көрген.
«АҚШ құрамасының Алматыдағы Универсиада-2017 жарысына келген сәтінен алғашқы видеоны тамашалаңыздар. Біздің парақшамызға тіркеліп, Универсиада кезіндегі ең қызықты сәттерге куә болыңыздар. Алматыдағы АҚШ консулдығының Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасы @USCGAlmaty американдық спортшыларға бердік, сондықтан, қызықты оқиғаларды жіберіп алмаңыздар»,-деп жазған консулдық қызметкерлері.
АҚШ Консулдығы Универсиада кезіндегі жаңалықтарды #universiade2017 #usateam #uskz хэш-тегі бойынша таратып отырады.
Консулдықтың ақпаратына сүйенсек, Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Крол, АҚШ-тың Бас консулы Марк Муди 29 қаңтар күні хоккейден АҚШ-тың әйелдер құрамасына жанкүйер болған. Ресей Федерациясы мен АҚШ құрамалары арасындағы жарыста Ресей командасы 7:1 есебімен Америка құрамасын ұтқан.
