АҚШ спортшысы Ронда Роузи үш фильмге түсетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC чемпионы, америкалық спортшысы Ронда Роузи үш фильмге түсу үшін Lifetime тележүйесімен келісімшартқа отырды, деп хабарлады vesti.kz «Чемпионат.com» сайтына сілтеме жасай отырып.
Роузи каналдағы теннисші Серена Уилямс және әнші Джанет Джексон сынды жұлдызды топқа қосылды.
Роузи соңғы рет 2015 жылдың қараша айында Холли Холммен шығып, өз титулын қорғап қала алмаған болатын. Ал шаршы алаңға алдағы қараша-желтоқсан айларында шығады деп жоспарланған.