АҚШ-та 10 долларлық банкнотада қай әйелдің бейнесі салынатынын шеше алмай отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі 2020 жылға қарай жаңа он долларлық ақша белгісін айналымға шығаруды жоспарлап отыр.

АҚШ-та 10 долларлық банкнотада қай әйелдің бейнесі салынатынын шеше алмай отыр

Оның ерекшелігі - ақша белгісінде 100 жылда бірінші рет әйел бейнеленбек. Бұл оқиға американдық азаматшаларға дауыс беру құқығын берген түзетудің енгізілуіне орайластырылған.

Алайда, онлайн-дауыс беруді іске қосқан министрлікте американдық азаматтардың сайлауға осыншама жігерленетіні күтпеген жағдай еді. Америка азаматтары жаңа ақша белгісінде бейнеленуге лайықты деп санаған әйелдердің саны бір жарым миллионнан асқан. Мәліметтердің осындай үлкен санын өңдеу үшін, билік әйелдің есімін атау мерзімін кейінге қалдырып отыр, деп жазады planet-today.ru.