АҚШ-та 100 жастағы әйел жүгіруден рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тұрғыны - 100 жастағы Ида Киилинг - 80 және одан жоғары жастағы топпен бірге 100 ярд (91 метр) жүгіріп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады Life.ru Daily Mail-ға сілтеме жасап.

АҚШ-та 100 жастағы әйел жүгіруден рекорд орнатты

Филадельфияда болған бәсеке барысында қарт спортшы 1 минут 17 секундта 91 метрді еңсерді.

Ол қызы Шелланың басшылығымен жаттығады. Бүгінде шөбересі бар Ида Киилинг кілемде кеудесін жерден көтеріп-түсіріп, жаттыға да алады.
Ұлдары Чарльз бен Дональд қайтыс болғаннан кейін жүгіруді бастағаны хабарланады. Анасының қайғы жұтып жүргенін көрген Шейла осылайша көңілін аулауды шешкен.

Олар анасы 67 жасқа аяқ басқан кезден бастап, күнде таңертең бірге жүгіре бастаған. Ида Киилинг алғашқы жарысында 5 шақырымды еңсерген.