АҚШ-та 100 жылдан бері алғаш рет балаларға қарда ойнауға рұқсат етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ-та 9 жастағы мектеп оқушысы Дэйн Бест жергілікті ережелерді ырықтандыруға бастамашы болды. CBS телекомпаниясының хабарлауынша, қалалық кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлеген бала қыста Северанс қаласы көшелерінде «істейтін түк жоқ» екенін, сондықтан  қармен ойнағысы келетіндіктерін айтқан.

АҚШ-та 100 жылдан бері алғаш рет балаларға қарда ойнауға рұқсат етілді

Қоғамдық қолдау ретінде Бест 20-дан астам бала қол қойған петицияны ұсынды. Қалалық кеңес мүшелері қармен ойнауға тыйым салуды тоқтатуды бірауыздан мақұлдады.

Бір қызығы, тыйым салу кезінде қаланың бірде-бір тұрғыны жауапкершілікке тартылмаған.