АҚШ-та 11 айлық сиам егіздерін ажырату отасы сәтті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатындағы Дрисколл балалар ауруханасында Химена және Скарлет есімді сиам егіздерін бөлу отасы сәтті өтті.

АҚШ-та 11 айлық сиам егіздерін ажырату отасы сәтті өтті

Денелері қосылып қалған егіздер мен олардың әпкесі Каролина 2015 жылдың 16 мамырында дүниеге келді.

Дәрігерлердің айтуынша, дүниеге үшемнің екеуінің бір-бірімен қосылып туылуы - өте сирек кездесетін жағдай. Мұндай оқиға соңғы рет Құрама Штаттарда 1966 жылы болған.

Дәрігерлер 11 айлық егіздерді бір-бірінен ажырату бойынша күрделі отаны 15 сағат бойы өткізді. Олар бұл операцияға бірнеше ай дайындалған еді.

Қазіргі кезде дәрігерлер егіз сәбилердің сауығып кетуіне оң болжамын беріп отыр. Алайда, оларға тағы бірнеше ота жасалуы тиіс, деп жазады informing.ru.