АҚШ-та 12 қабатты үй құлап, бірнеше адам үйінді астында қалды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында 12 қабатты тұрғын үйдің опырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 226 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап.
Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз мәслихатында Майами округінің басшысы Дейд Даниэлла-Ливайн Кава мәлім етті.
«Күні бойы үйінділер астында қалған тағы екі адамның денесін шығардық. Осылайша, оқиға салдарынан мерт болғандардың саны 22-ге жетті», - деді ол.
Майами төңірегіндегі Серфсайдта (Флорида штаты) орналасқан көпқабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні опырыла құлады.