АҚШ-та 12 жасар қыз iPhone-ын қолдануға тыйым салған анасын улап өлтірмек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер қаласының полицейлері iPhone-ды қолдануға тыйым салып, оны алып қойған анасын улап өлтірмек болған 12 жасар қызды тұтқынға алды.

АҚШ-та 12 жасар қыз iPhone-ын қолдануға тыйым салған анасын улап өлтірмек болған

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Анықталғандай, қыз бала анасын улап өлтірмек болған. Бірінші ретінде ол анасына кір жууға арналған ағартқыш зат қосылған коктейль дайындап, ұсынған. Бір рет сусынды жұтқаннан-ақ онда химиялық қоспа барын сезген анасы жай ғана баласы стақанды сумен шаюды ұмытып кетті деп ойлаған.

Бірақ, тағы бір жолы өзінің жатын бөлмесіндегі ыдыстан су ішпек болғанда тағы да осындай химиялық қоспа дәмін сезгеннен кейін қызын шақырып алып, ашық сөйлескен. Ол болса смартфонын алып қойғаны үшін анасын улап өлтірмек болғанын мойындаған. Оқиға орнына бірден полицейлерді шақырған келіншек өз қызын ұстатып жіберген.