АҚШ-та 19 адам үңгірдегі торға түсіп, бақилық бола жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Кентукки штатында 19 адам үңгірдегі торға түсті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
None
None

Құрамында 21 адам болған туристік топ бейсенбі күні жергілікті үңгірге экскурсияға барған. Жауын жауып, үңгірге су толып, ол жерден 4 турист қана шыға алды.

Адамдарды құтқару үшін екі полицей жіберілді, алайда тәртіп сақшыларымен де байланыс үзілген.

Кейін белгілі болғандай, топтағы барлық адам жоғарыға көтерілді. «Үңгірде қалғандардың бәрі құтқарылды», - деп хабарлады штат губернаторы Мэтт Бевин Twitter желісіндегі өзінің парақшасында.

Соңғы жаңалықтар