АҚШ-та 20 млн. тауық пен күркетауық құс тұмауына шалдыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Айова штатында H5N2 құс тұмауы дертінің жаппай өршуі байқалуда, мұнда төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Вести.

АҚШ-та 20 млн. тауық пен күркетауық құс тұмауына шалдыққан

Жаңа бес ауру ошағы анықталды, вируспен зақымдалған құстар саны 5,5 млн-ға дейін артты.

Қазіргі кезде АҚШ-та 20 млн. тауық пен күркетауық аталмыш ауруды жұқтырған. Кейбір бағалаулар бойынша, бұл ел тарихындағы ең ауқымды құс тұмауы эпидемиясы болып отыр.

Қауіпті дертпен күресу үшін АҚШ Ұлттық гвардиясының жауынгерлері жұмылдырылуда.