АҚШ-та балаларға арналған 224 мыңнан астам зергерлік жиынтық кері қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM –  LaRose Industries компаниясы Cra-Z-Art Gemex/Gel2Gem зергерлік бұйымдарын жасауға арналған 224 100 жиынтықты кері қайтарды. Бұл шешім бұйымдардағы шайыр құрамында қауіпті мөлшерде акрилат бар екені анықталғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды Fox Business.

АҚШ-та 224 мыңнан астам балаларға арналған зергерлік жиынтықтар кері қайтарылды
Фото: growingyourbaby.com

Кері қайтару туралы ескертуде сұйық шайырдың құрамында тыйым салынған гидроксиэтилметакрилат бар екені айтылған. Бұл зат терімен жанасқанда, тыныс алғанда немесе жұтып жіберсе көз және тыныс алу жолдарының тітіркенуіне немесе сенсибилизацияға (жоғары сезімталдыққа) әкелуі мүмкін.

Бұл өнімдегі  гидроксиэтилметакрилат мөлшері Федералдық қауіпті заттар туралы заңға сәйкес балаларға арналған тауарлар үшін рұқсат етілген нормадан асып кеткен.

Кері қайтару Cra-Z-Art және Gemex немесе Crazy Gel2Gem белгісі бар он түрлі жиынтықты қамтиды.

Балаларға арналған зергерлік бұйымдар Target, Marshall’s, TJ Maxx және Joann дүкендерінде, сондай-ақ Amazon, Target, Walmart және Joann онлайн платформаларында 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін сатылған. Бағасы 13-36 АҚШ доллар.

LaRose Industries компаниясы зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді. Барлық сатып алушыға зергерлік жиынтықтарды пайдалануды дереу тоқтатып, толық ақшасын қайтару үшін LaRose-қа хабарласу ұсынылады.

Бұған дейін Қостанай дүкендерінде құрамында фенол бар ойыншықтар сатылғаны туралы хабарланған болатын.

Айта кетелік АҚШ-тан есірткі салынған ойыншықтарға тапсырыс берген адам 10 жылға сотталған еді.

Соңғы жаңалықтар