АҚШ-та 26 антибиотикке төзімді супербактерияның алғашқы құрбаны тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та рұқсат берілген 26 антибиотикке төзімді супербактерияның алғашқы құрбаны тіркелді, деп хабарлайды AFP. Үндістанда ауру жұқтырған 70 жастағы кейуана көз жұмды.
Ғалымдар аталған дәрілер арзан әрі ауылшаруашылығы секілді салаларда кеңінен қолданылатын Қытай мен Үндістанда антибиотикке төзімді бактериялардың пайда болуын болжаған еді.
Сырқаттың алдын алу орталығының мәліметінше, кейуана Үндістанға сапары барысында аяғын жарақаттап алған. Оқиға ел астанасы Нью-Делиде болған. Дәрігерлер ажалға Klebsiella pneumoniae бактерия түрінің штамы себепші болғандығын анықтады. Тамыз айында қария АҚШ-қа оралып, сол кезде оның ағзасынан бактерия табылып, оны зерттеу қолға алынған.
Бактерия АҚШ-та лицензия берілетін және дәрігерлер пайдаланатын барлық 26 антибиотикке төзімді болып шықты. Қыркүйек айынан бері Невада ауруханасында оқшаулап ем қабылдап жатқан кейуана қайтыс болды.