АҚШ-та 300-дей нацистік қылмыскер тұрып жатыр - Симон Визенталь орталығы
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-та 300-дей нацист тұрып жатыр, деп хабарлады "Нью-Йорк пост" басылымы әділ соттан қашып жүрген гитлерлік әскери қылмыскерлерді іздестірумен айналысатын Симон Визенталь орталығына сілтеме жасап.
Олардың көпшілігі мамыражай тіршілік кешкен, отбасы құрып, бала сүйген, бірақ көршілерінің ешқайсысы олардың көлеңкелі өткені туралы білмей келген.
"Нью-Йорк пост" газетінің мәліметі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірнеше жүзден бастап бірнеше мыңға дейінгі нацистік қылмыскерлер әділ соттан қашып, АҚШ-та бой тасалаған. Өткен 30 жылда онда 107 нацист сотқа беріліп, олардың 60-ы депортацияланған. Нацистік қылмыс жасады деп күдік келтірілген тағы 11 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал тағы 30 адамға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.