АҚШ-та 4 жасар бала анасына оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында төрт жасар бала өз анасын арқасынан атты, жергілікті билік тапанша баланың қолына қалай тигенін, оқиғаның неден болғанын анықтау үстінде, деп хабарлады «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі.
None
None

Дегенмен, БАҚ-тағы ақпаратта округ шерифі Патнам Джозеф Уэллстапанша баланың анасы, 31 жастағы Джейми Гилтке тиесілі болғанын айтты.

«NBC» телеарнасының хабарлауынша, оқиға жол үстінде болған. Шериф көмекшісі көлік рөліндегі Гилттің көмекке шақырғанын байқап қалған. Көлікке тақап барған тәртіп сақшысы әйелдің жараланғанын көреді. Оған оқ атқан көліктегі өз баласы болып шықты. Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, бала тапаншаны көлік ішінен тауып алған.

Қазір жаралы әйел ауруханаға жатқызылған. АҚШ-тың Балалар ісі бойынша департаменті оқиғаны тергеуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар