АҚШ-та 4 жасар қызды 5 жастағы ағасы атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Пенсильвания штаты Филадельфия қаласында 5 жасар бала 4 жасар қарындасының бетіне оқ атып өлтірді, деп хабарлады Associated Press.
Жергілікті полиция оқиға солтүстіктегі Кенсингтон қалалық ауданында жергілікті уақытпен сағат 2.30 орын алғанын айтты.
Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар қыздың мерт болғанын айтты.
Полиция сержанты Эрик Грипп құқық қорғау органдары оқиға орын алған кезде үйде үлкендерден кім болғанын анықтауға тырысып бағуда. Сондай-ақ олар тапанша қаза тапқан қыз анасының досының меншігі екенін айтты.
Ер адам іздеуге жарияланғанын, ал қаруды полицейлер тәркілегені хабарланды.