14:12, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
АҚШ-та 40 автокөлік соқтығысып қалды
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Американың Мэриленд штатында қар басқан трассада 35 машина және тіркемелері бар 5 жүк көлігі соқтығысып қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына полиция өкілі хабарлады. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Машина апаттарына жол үстін жапқан қалыңдығы 10 см. қар себеп болған.