08:45, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
АҚШ-та 5 жасар ұл бала қарындасын атып өлтірді
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Американың Кентукки штатының тәртіп сақшылары 5 жастағы ағасының қолындағы мылтықтан кенеттен атылған оқтан ажал құшқан екі жасар қыздың өлімін тергеуде.

Бұл туралы Би-би-си мәлімдеп отыр.
Полицейлердің хабарлауынша, мылтық қаза тапқан қыздың ағасына өткен жылы туған күніне сыйланған. Тергеушілер қайғылы оқиға орын алған кезде үйде балалардың анасы да болғанына сенімді.
Қару бөлменің бір бұрышында сақталған. Бірақ отбасы мүшелері оның оқталғанын білмеген болып шықты.