АҚШ-та 50 адамды атқан қылмыскер ірі күзет компаниясында жұмыс істеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Орландо қаласындағы түнгі гей-клубта 50 адамды атып тастаған Омар Матин 2007 жылдан бері әлемдегі ірі G4S жеке күзет компаниясында жұмыс істеген, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

АҚШ-та 50 адамды атқан қылмыскер ірі күзет компаниясында жұмыс істеген

«Орландо түнгі клубындағы қайғылы жағдайға сене алар емеспіз. 2007 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Омар Матин G4S компаниясында жұмыс істегенін растаймыз. Біз құқық қорғау органдарымен, соның ішінде ФТБ-мен ынтымақтастық орнатқанбыз», - делінген G4S компаниясының ресми Туиттердегі аккаунтында жарияланған компанияның солтүстікамерикалық құрылымының басшысы Джон Кеннингтің мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, Орландодағы Pulse түнгі гей-клубында болған атыс салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 53 адам жарақат алды. Шабуыл жасаған - 29 жастағы ауғандық қазіргі АҚШ азаматы Омар Матин. Ол оқиға орнына жеткен арнайы қызметкерлермен атыста көз жұмды.