01:20, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
АҚШ-та 50 машина соқтығысты, жарақат алғандар бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пенсильвания штатында нөмірі 78 жылдамдықпен жүруге арналған тас жолында 50-ден астам автомобиль соқтығысып қалды. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Жол-көлік апаты болған жерге полиция, құтқарушы қызметін де қоса атқаратын өрт сөндірушілер және жедел жәрдем бригадалары жіберілген. Жол екі жағынан да жабылған.