АҚШ-та 59 көлік соқтығысып қалды

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат – Американың Нью-Гемпшир штатында қатарынан 59 көліктің қатысуымен үлкен жол-көлік оқиғасы орын алды, апатқа ұшыраған көліктердің ішінде – үш автобус, жетектеген тіркемесімен екі үлкен жүк көлігі тағы бар,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Штат полициясының ақпараты бойынша, оқиғаға көктайғақ себеп болған. Оқиға Дерри қаласына жақын жерде орын алған. Кездейсоқ жайт салдарынан біраз адам зардап шеккен ? мұрындары жарақаттанып, аяқтары сынған, қаза болғандар жоқ. Дәл осындай оқиға өткен аптаның соңында Польшада орын алғанын, Вроцлав бағытындағы Познань қаласының шыға берісінде көктайғақ салдарынан 41 автомашина соқтығысқанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Сол оқиғаның салдарынан, полицияның мәліметіне қарағанда, бес адам жарақаттанып, шұғыл госпитальға жеткізілген.
Соңғы жаңалықтар