АҚШ-та 6 адам Зика вирусын жұқтырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Зика вирусын жұқтырған 6 адам тіркелді, деп хабарлайды Fox News телеарнасы.

АҚШ-та 6 адам Зика вирусын жұқтырған

Елдің денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, Нью-Йорк штатында 4 сырқат тіркелген.

Вирус жұқтырған тағы бір адам Арканзас штатынан. Сырқаттың таяуда ғана шетелге барып келгені анықталған.
Америкада Зика вирусын жұқтырудың тағы бір оқиғасы Вирджиния штатында тіркелген. Ол да шетелге сапарға барып келгені белгілі болды.

Зика вирусы адамға масалар шаққан кезде жұғады. Вирус жатырдағы баланың миын зақымдайды.
Зика індетінің табиғи таралу аймағы - Азия мен Африканың тропикалық өңірлері.