АҚШ-та 640 млн. доллар көлемінде ең ірі джекпот ойнатылды
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ тарихындағы 640 млн. доллар көлеміндегі ең ірі джекпот ойнатылды,
деп хабарлады Утро.ру.
The Associated Press агенттігінің жазуынша, Mega Millions лотереясының 02-04-23-38-46 нөмірлі бақытты билеттерінің бірі Мэриленд штатында сатылған. Оны кім сатып алғандығы әзірше белгісіз. Сәл кейінірек Канзас және Иллинойс штаттарында сатылған тағы 2 билеттің ұтысқа ие болғандығы мәлім болды.
Бұл ұтыс сомасының үш бөлікке бөлінетіндігін білдіреді. Ұтыс иелеріне джекпоттың тек жартысы ғана тиесілі, ал қалған бөлігін мемлекет салық ретінде ұстап қалады.