АҚШ-та 656 млн. доллар джекпотты ұтып алған лотерея жеңімпаздарының бірі табылды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та "Мега миллионс" жалпыұлттық лотереясында 656 млн. доллар джекпотты ұтып алған үш жеңімпаздың бірі табылды.

АҚШ-та 656 млн. доллар джекпотты ұтып алған лотерея жеңімпаздарының бірі табылды

Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Лотереяның Канзас штатындағы ресми өкілдері мәлім еткендей, бақытты жан жұма күні жанына қорғаушысы мен қаржы кеңесшісін ертіп, олардың кеңселеріне келген.

Жеңімпаз өз есімін, сондай-ақ жынысын, жасын, тұрғылықты жерін және айналысатын кәсібін жария етпеуді талап етті. Белгілісі, ол ұтыс билетін Оттава қаласындағы (Канзас штаты) «Кэйсис» универмагында сатып алған. Бұл үшін дүкен 10 мың доллар көлемінде комиссиялық төлем алады.

Бақытты адамның үлесі 218,6 млн. долларды құрайды және ол бұл соманы 26 жылға бөліп алуды емес, дереу және қолма-қол алуды қалаған. Бұл жағдайда лотореяның ережесі бойынша ұтыс сомасы екі есеге дерлік қысқарады, яғни салықтарды шегеріп тастағанда 110,5 млн. долларды құрайтын болады.