АҚШ-та 88 млн-нан аса адам су тасқынынан зардап шегуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқыны АҚШ-тың орталық бөлігінде 88 млн астам адамға әсер етеді деп болжанып отыр, деп хабарлайды CBS News.
Дүйсенбіде Арканзас, Канзас, Миссури және Оклахома штаттарында жиырмаға жуық су тасқыны болды.
Иллинойс, Теннессидің оңтүстігі және Алабама мен Джорджияның солтүстігінде кенеттен болатын су тасқыны туралы ескертулер жарияланды.
Синоптиктер кейбір аудандарда 20 см-ге дейін жауын-шашын жауатынын болжап отыр.
АҚШ Метеорологиялық қызметі Ұлы жазықтардың орталық бөлігінде дауылдар «өте үлкен бұршақ, қатты жел екпіні және бірнеше торнадо» тудыруы мүмкін екенін, ал қатты жаңбыр кенеттен су тасқынына әкелуі мүмкін екенін хабарлады.
Осыған дейін АҚШ-тың орталық аймақтарында 50 млн адамға торнадо қаупі төніп тұрғаны хабарланды.