АҚШ-та A (H1N1) тұмауын жұқтырудың 226 оқиғасы расталды

ВАШИНГТОН. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та A (H1N1) тұмауын жұқтырудың 226 оқиғасы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та A (H1N1)  тұмауын   жұқтырудың 226 оқиғасы  расталды
АҚШ-тың денсаулық сақтау органдарының хабарлауынша, ауруды жұқтыру оқиғалары 30 штатта тіркеліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми номенклатурада A (H1N1) деп аталып отырған мутацияға ұшыраған қатерлі тұмау вирусымен ауырудың 807 оқиғасы тіркелгенін ресми мәлім етті. 20 адам осы «доңыз тұмауынан» қайтыс болғандар санатында.