08:07, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
АҚШ-та А (H1N1) вирусын жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асты
НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Құрама Штаттарда А (H1N1) вирусымен ауырғандардың саны 5 мыңнан асты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚШ-тың Аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығына сілтеме жасап. Соңғы мәліметтер бойынша, қатерлі тұмаудың салдарынан бес адам көз жұмған. Дүйсенбі күнгі мәліметтерге сүйенсек, Нью-Йорктің өзінде зертханалық жолмен расталған оқиғаның саны 259 болған. Жаңа тұмаудың қарқынды таралуына байланысты Нью-Йорк басшылығы 12 орта мектепті карантинге жабу туралы шешім қабылдап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, А (H1N1) вирусы әлемнің 40 елінде тіркеліп, мамырдың 18-індегі жағдай бойынша 8 829 оқиға ресми расталған. Аурумен күресуге әзірліктің фазасы бесінші деңгейде қалдырылды.