АҚШ-та ағайындылар лотереядан 290 млн доллар ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - PowerBall - Құрама Штаттар және бүкіл әлемде ең танымал лотереялардың бірі. Ол Америкада аптасына екі рет ойнатылып, бірнеше миллион қатысушының назарын аудартады.
Бағасы небәрі екі доллар тұратын билет бірнеше миллион долларды құрайтын «джекпотты» жеңуге мүмкіндік береді.
Осындай оқиға Пенсильвания штатында болды. Ағайынды Джеймс пен Боб Стоклас Powerball лотереясында 391 миллион доллардан астам соманы жеңіп алған. Бұл туралы білмеген Пенсильвания тұрғындары достарымен бірге сүйікті мейрамханасында ас ішіп отырған еді. Таңғы ас кезінде жергілікті жаңалықтарды көргенде, 391 миллион доллар ұтқандарын біліп, ерекше таңқалды. Алайда ұтыс тең бөлінген жоқ. Бақытты лотереялық билет Джеймске 291,4 миллион доллар әкелгені, ал Боб небәрі жеті доллар ұтқаны белгілі болды.
Ағайынды Сокластар бұл ұтыстың құрметіне мейрамханада отырғандардың барлығын тегін тамақтандырды, деп хабарлайды planet-today.ru.