АҚШ-та алаяқтығы үшін миллиардер 11 жылға сотталды
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-та Galleon хедж-қорының негізін қалаушы Радж Раджаратнам инсайдерлік ақпарат саудасымен және құнды қағаздар алаяқтығымен айналысқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
РБК-ның Reuters-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Манхэттен округтік сотының кеше қабылдаған шешімі осы тектес қылмыс үшін белгіленген ең ұзақ мерзім болып табылады. Соған қарамастан прокуратура Радж Раджаратнамды кем дегенде 19,5 жылға соттауды талап еткен болатын.
Мұнымен Р.Раджаратнамның ісі әлі аяқталған жоқ: осы жылдың мамыр айында айыпталушы оған қарсы 14 айыптау бойынша өз құқығын қорғау үшін апелляцияға берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылдан 2009 жылға дейін Galleon компаниясының құрылымы түрлі компаниялардағы, атап айтқанда: Google, Intel және Hilton Hotels-те қызмет істейтін жоғарғы шенді дерек көздері ұсынған ішкі ұжымдық мәліметтерді пайдалану арқылы 63,8 млн. доллар табысқа жеткен.