АҚШ-та әлемдегі ең ұзын пиццаны пісірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияда ұзындығы екі шақырымнан асатын пицца пісірді. Оны дайындауға оншақты аспаздар мен еріктілер қатысты, деп жазады The Global Herald.
Үш пеш сегіз сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істеді.
Сонымен әлемдегі ең ұсын пицца әзірленді. Ол осының алдындағы Италияда 2016 жылы жасалған рекордтан асып түсті. Ал нәтижесі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.