20:30, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ-та алғаш рет шақа бетінде қаранәсілді американдық бейнеленеді
ВАШИНГТОН. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Атақты джазмен Дюк Эллингтон АҚШ-та алғаш рет монета бетінде бейнеленген тарихтағы алғашқы афро-американдық атанып отыр,
деп хабарлайды CNN телеарнасы.Колумбия округінің 25 центтік ескерткіш шақасы сейсенбі күні Смитсонның Америка тарихы ұлттық мұражайында таныстырылды. Шақа бетінде Эллингтонның пианиноның алдында отырған суреті бейнеленген. Эллингтонды бейнелеу туралы шешім округ халқының арасында сауалнама жүргізу барысында қабылданып отыр. Пианист, композитор, Эдвард Кеннеди ("Дюк") оркестрінің жетекшісі Эллингтон джаз музыкасының пионері және джаз өнерінің ұлы өкілі саналады. Ол 3 мыңнан астам ән жазып, 13 рет Grammy Awards музыкалық сыйлығын алған.